Көшербаев Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай өткен жиынға қатысты

21 Мамыр 2021, 17:15
1880
Бөлісу:
Көшербаев Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай өткен жиынға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай өткен салтанатты жиынға қатысты.

Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасында хабарланды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына орай өткен салтанатты құттықтау рәсіміне қатысты. Мемлекеттік хатшы мерейтой иесіне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаттарын табыстады.

Мемлекеттік хатшы салтанатты жиынның ашылуында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында атақты жазушының мерейтойы ерекше мәнге ие болғандығын жеткізді, Олжас Сүлейменовтің әдебиетші, парламентарий, дипломат және қоғам қайраткері ретінде еліміздің өркендеуіне қосқан зор үлесі мен халықаралық абырой-беделін атап өтті.

Қырымбек Көшербаев атап өткендей, Олжас Сүлейменов – мәдениеттің асыл жауһарларын сақтап қалып, заманауи жаһандану сын-қатерлеріне төтеп бере алатын, сондай-ақ адамзаттың өркендеуіне мүмкіндік беретін ғаламшарлық сананың ақыны. Бұл, әсіресе, қазіргі уақытта рухани жаңару мен халық санасын жаңғырту жолындағы біздің халқымыз үшін аса өзекті, - делінген хабарламада.

Салтанатты жиында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ТҮРКСОЙ-дың бас директоры Дүйсен Қасейінов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сөз сөйледі.

Сонымен қатар Қазақстанның Еңбек Ері, халық әртісі Асанәлі Әшімов, академик Төрегелді Шарманов, Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

Мемлекеттік хатшы бірқатар зиялы қауым өкілімен және сарапшымен бірқатар кездесу өткізді.


Өзгелердің жаңалығы