Көшербаев Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдіргендердің өтініштерін қарады

27 Мамыр 2021, 16:24
1557
Бөлісу:
Көшербаев Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдіргендердің өтініштерін қарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті.

Жиында Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 955 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізілетін болды.

Сондай-ақ Комиссия 81 адамның Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы да ұсыным жасайды.


Өзгелердің жаңалығы