Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында тележүргізуші Мая Бекбаева жаңа қызметке тағайындалды.
Ол енді ҚХА-ның ресми өкілі қызметін атқармақ.
Ассамблеяның ресми позициясына қатысты сұрақтар көп туындап жатады. Сондықтан ресми өкіл қажет. Ендеше Ассамблея құрамына ресми түрде кіру барлық өзекті және қоғамдық мәселелер бойынша ресми ұстанымды білдіруге мүмкіндік береді, - деді ҚХА төрағасының орынбасары әрі хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов.
ҚХА төрағасының орынбасары Мая Бекбаева бұл міндетті абыройлы атқарады деген сенімін білдірді.
Кәсіби журналист Майя Төлегенқызы БАҚ жұмысын, сондай-ақ этносаралық қатынастар тақырыбын жария етудің ерекшеліктерін жақсы біледі, - дейді Марат Әзілханов.
Айта кетейік, бүгін елордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында ҚХА мен Ассамблея кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.