Көшербаев БАӘ елшісімен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

Сондай-ақ олар өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасқан.

 Сыртқы істер министрлігі Бүгiн 2026, 16:49
Бүгiн 2026, 16:49
102
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ сұхбаттасушылар екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті.

Е.Көшербаев өңірдегі шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның барлық даулы мәселелерді халықаралық құқық қағидаттары негізінде тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы іс-қимылдарды үйлестіруге бейілділігін растады.

Наверх