Көше жолдарын талапқа сай ұстамаған 200-ден астам тұлғаға хаттама толтырылған

21 Желтоқсан 2020, 22:22
1053
Бөлісу:
Көше жолдарын талапқа сай ұстамаған 200-ден астам тұлғаға хаттама толтырылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы аумағында жолдардағы апаттылықтың төмендету бойынша, оның ішінде жолдарды ұстауға жауапты ұйымдардың лауазымды адамдарын жауапкершілікке тарту мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда.  

Түркістан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының тарапынан ағымдағы жылдың 11 айында облыстың жолдары мен көшелеріне 1914 рет тексерістер жүргізіліп, ол 19870 шақырымды қамтыды. Тексеру қорытындысымен барлығы 5705 кемшіліктер анықталды. Анықталған кемшіліктерді жойып, түзеу туралы құзырлы мекемелерге 1887 жазбаша ұйғарымдар берілді, оның ішінде 1831 кемшілік жойылды. 

Ал, жыл басынан бері 11 ай ішінде жол-көше тораптарын тиісті талапқа сай ұстамай, кемшіліктерге жол берген және берілген ұйғарымдарды дер кезінде орындамаған 217 лауазымды тұлғаға ҚР ӘҚбК-нің 630, 631 және 462 баптарымен әкімшілік хаттамалар түзіліп, 10 және 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Қосымша атап өтер жайт, облыс аумағында 19 бағдаршам нысаны жаңа үлгідегі бағдаршамға ауыстырылды, 16 апатты аймаққа жасанды жол кедергілері орнатылды, 645 жол белгілері жаңадан орнатылып, 387 ескірген жол белгілері жаңартылды. Сонымен қатар 4 шақырым веложол және 17 шақырым аяқжол (тратуар) салынды.   

Осы жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелер бойынша Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы инфроқұрылымды дамытуға және жол-көлік апатын алдын алу үшін ҚР ІІМ ӘПК-не, Түркістан облысы әкімдігіне және аудан әкімдіктеріне ұсыныс хат жолданып, бұл бағыттағы іс-шаралар Әкімшілік полиция басқарамасы басшылығының қатаң бақылауында. 

Өзгелердің жаңалығы