Алматы, BAQ.KZ. Франциядағы Экс-Марсель университетінің ғалымдары коронавирустың қандай температурада өлетінін анықтады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Эксперимент барысында коронавирус штаммын стерильді шыны түтікке және биоматериал салынған түтікке салады.
Осыдан кейін екі үлгіні де 60 цельси градуста бір сағат көлемінде қыздырады. Нәтижесінде стерильді емес түтіктегі вирус өлмей, тарауға қабілетті болған.
Оны толықтай залалсыздандыру тек 92 цельси градуста 15 минут бойы қыздыру кезінде іске асқан.
Бұл қауіпті індет алғаш 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында пайда болған еді. Қазір әлем бойынша оны жұқтырғандар саны 2 188 458, сондай-ақ 145 648 адам мерт болған.