Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемақы төлене бастады

10 Сәуір 2020, 11:07
1571
Бөлісу:
Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемақы төлене бастады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Брифинг барысында ол Алматыда коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне бүгіннен бастап алғашқы төлемдер беріле бастағанын айтты.
500-ден астам дәрігер, 1,7 мың орта медицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері өз төлемдерін алуда. Жалпы алғанда, 965 млн теңге көлеміндегі үстемеақыны 3557 медицина қызметкері алады, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол есептеулер 3 күрделілік санаты бойынша жүргізілетінін айта келе, Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлері бірінші санат бойынша төлем алатынын жеткізді.
Қалалық Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлерінен  төлемдерге байланысты арыз-талаптар түскен еді. Бұл аурухананың медицина қызметкрлері, оның ішінде дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері, кіші буын медицина қызметкерлері Бірінші тәуекел тобының санатына сәйкес үстемеақы алады , - деді басқарма басшысы. 

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Алматыда коронавиурс инфекциясын жұқтырудың тағы бір жағдайы тіркелгенін, жалпы бұл 122-ші жағдай болғанын айтты.  
Бұл  байланыста болғандар қатарындағы 1967 жылы туған әйел. Жағдайы пневмония есебінен ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағалануда. Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 96 КВИ жағдайы (1 облыстық), оның ішінде төрт бала бар. 72 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. Бір адамның жай-күйі өте ауыр, төртеуінде – ауыр, 19 ересек адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде, - деді Әбілдаев.

Алматы қаласы бойынша 26 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шыққан. Қазір провизорлық орталықтарда 250 адам, оның ішінде 29-ы бала, 384 азамат карантиндік оқшаулауда, 5 306 адам үй жағдайындағы карантинде.

Өзгелердің жаңалығы