Коронавирустан соң тері аурулары пайда болуы мүмкін

5 Наурыз 2022, 20:33
2792
Бөлісу:
Коронавирустан соң тері аурулары пайда болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируспен ауырған адамдарда тері ауруларының қозу қатері пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. 

Дерматолог мамандардың айтуынша, егер емдеу белсенді түрде жүргізіліп, вирустың немесе дәрі қабылдаудың салдарынан организмде улану орын алса, тері де бұған өз тарапынан жауап қайтаруы мүмкін. 

Егер адамда індеттің бетінің қайтуы ұзақ орын алса, COVID-19-дан соң әдетте бәрі асқынып кетуі ықтимал, - дейді дәрігерлер. 

Сонымен қатар мамандар бұл жағдайда псориаз, қызыл жалпақ теміреткі мен себореялық дерматитке шалдығу қаупі бар деп отыр. Сондай-ақ түрлі аллергиялық реакциялардың орын алуын жоққа шығармайды. Тәуекел ықтималдылығын азайту үшін дәрігерлер аурудан соң организмді детоксикацияның көмегімен тазартып, қалпына келтіруге кеңес беріп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы