Әлемде коронавирустан қанша журналист қайтыс болды?

2 Мамыр 2020, 15:10
1534
Бөлісу:
Әлемде коронавирустан қанша журналист қайтыс болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БАҚ қызметкерлерінің қауіпсіздігі мәселелерімен айналысатын PressEmblemCampaign(PEC) тәуелсіз ұйымы коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болған журналистер санын есептеді. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ұйымның ақпаратына сүйенсек, COVID-19 індетін жұқтыру салдарынан 23 елде 55 журналист көз жұмған. 

Ұйымның мәліметінше, пандемия жағдайында журналистер қауіпсіздігіне үлкен қатер төнеді. Себебі, БАҚ қызметкерлері ауруханалардан тікелей репортаж жүргізіп, дәрігер, медбикелер мен науқастардан сұхбат алады.

Журналистердің ең көбі Эквадорда қайтыс болған. Онда жұқпалы індет 9 адамның өмірін жалмаған. АҚШ-та 8 журналист, Бразилияда 4, Испания мен Ұлыбританияда 3 журналист көз жұмған. Ресейде COVID-19-ды жұқтырған 36 жастағы пермьдік журналист қайтыс болды. 

Көптеген елде әсіресе пандемия басталған сәтте қашықтық сақтау, маска кию, гигиеналық талаптарды сақтау, карантин режимі сияқты сақтық шаралары сақталмаған.

Ұйымның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең алғашқы өлім 21 наурызда Испанияда тіркелді. Онда 59 және 78 жастағы спорт саласында еңбек ететін белгілі италиялық журналистер қайтыс болды.

Бұған дейін Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамптың брифингтеріне баратын БАҚ өкілдері коронавирусқа тест тапсырып кіретіні белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы