Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте айтты.
Ажар Ғиният қайтыс болған адамның туыстарына қорғаныш киімдері берілетінін айтты.Қазіргі таңда жерлеу әдісі республиканың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес реттеліп, жүргізіліп жатыр. Коронавирустан қайтыс болғандардың мәйіті арнайы орындарда, патология-анотомииялық моргтарда жуындырылуы керек. Ол үрдіске туған-туыстарынан 2 адам қатыса алады, - деді ол.
Жуындырылғаннан кейін мәйітті жерлеу үшін туған-туыстарына беріліп жатыр. Жаназа шарасына туған-туыстары ғана қатыса алады. Олар сақтық шараларын сақтауы керек. Бүгінгі таңда жуындырылып берілген мәйітті діни қызметкерлер мен туған-туыстарына ұстауға рұқсат жоқ. Бүгінгі таңда қайтыс болғандар жалпы зираттарға жерленіп жатыр, - деді Ғиният.