Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бір тәулікте коронавирустан 18 адам қайтыс болған.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекциядан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Олардың арасында 99 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 406 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 141 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.