Коронавирусқа шалдыққандар саны азайып келеді

17 Сәуір 2023, 09:45
713
Бөлісу:
Коронавирусқа шалдыққандар саны азайып келеді
Фото: zakon.kz

Үш күннен бері коронавируспен шалдыққандар саны азайып келеді. 15 сәуірде 80 адам анықталса, кеше 50 адам, бүгін 31 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпарат 17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 829 адам коронавирус инфекциясынан (–1 645+ және 184 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 184 пациент стационарда, 1 645 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

Коронавирусқа шалдыққандар саны азайып келеді

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 2 адамның жағдайы ауыр, 

• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы