Коронавирусқа қарсы антидененің тез жоғалып кету себебі анықталды

19 Желтоқсан 2021, 12:22
1234
Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы антидененің тез жоғалып кету себебі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар коронавирус инфекциясына қарсы антидененің жылдам жоғалып кету себебін анықтады. Бұл көрсеткішті қысқартатын төрт факторды атады деп жазады Lenta.ru.

Дәрігерлердің айтуынша, созылмалы аурудың болуы, туабіткен иммунитет ерекшелігі мен иммуносупрессор дәрілерді қабылдау вакцинациядан соң немесе ауырып жазылғаннан кейін COVID-19-ға антидененің жоғалуын жылдамдатады. Сондай-ақ 55 жастан асқан адамдарда да антидене ұзақ сақталмайды деп отыр.

Көктемде жүргізілген зерттеулер бойынша, індетпен ауырғандарды 10%-да антидене қажетті деңгейде бөлінбейді. Тағы 25%-да бұл 3-4 айда жоғалып кетеді, - деді дәрігерлер. 

Оның үстіне, адамның жасы ұлғайған сайын коронавирусқа антидене әлсіз бөлінеді. Сондай-ақ ауыр созылмалы аурулар иммунитет тапшылығына алып келуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы