Коронавируспен күрес. Қазақстандық ғылыми жобалар байқауы өтті

20 Сәуір 2020, 20:01
2035
Бөлісу:
Коронавируспен күрес. Қазақстандық ғылыми жобалар байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 15 наурыздан бастап елде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Үкімет өз тарапынан барлық іс шараны қабылдай бастады. Содан бері Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Ғылым қоры" коронавирусқа қатысты жаңа идеялар жинау үшін "Стоп-Коронавирус" атты байқау жариялады. 

Коронавирус індетінің тез таралып және шұғыл түрде ұсыныстар жинау үшін барлық іс шаралар тығыз уақыт аралығында ұйымдастырылды. 10 күннің ішінде байқауға 141 өтініш келіп түсті. Біз шынын айтқанда бұндай белсенділікті көріп қуандық.  Байқауға қатысуға ғалымдар, докторанттар, кәсіпкерлер мен жас мамандар да ниет білдірді. Келіп түскен ұсыныстардың көпшілігі көңілімізден шықты, - дейді , "Ғылым қоры" АҚ төрағасының орынбасары Бақытжан Сәркеев.

Оның айтуынша, конкурстың финалдық кезеңінде 40 ұсынысты таңдап алған.

Финалды біз ашық түрде Facebook желісінде онлайн трансляция түрінде өткіздік. Оған бізге BILIM PLUS порталының көмегі зор болды. Финалға қатысқан жюри мүшелері байқауға түскен жобалардың дайындық деңгейіне тәнті болды. Олардың ойынша кез келген жобаны қазір алып енгізе берсе де болады. Жобалар коронавирусты диагностикалау әдістеріне, емдеу тәсілдері мен дәрі дәрмектерге, қорғану құралдары мен химиялық заттарға қатысты болды. Байқауға қатусқан жобаларды Үкімет пен басқа да мүдделі жақтарға жібермекпіз. Біздің ғалымдар мен мамандарымыз мына індетті жеңудің жолдарын жақсы біледі. Солардың ұсыныстары қабылданып іске асады деген үміттеміз,- дейді төраға орынбасары.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында денсаулық сақтау, IT салаларының танымал мамандары, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері бар. Қазылар алқасының төрағасы болып белгілі қоғам қайраткері, "Серпін" білім және инновация ұлттық палатасының басшысы Мұрат Әбенов сайланды.

Мен үшін қазақстандық ғалымдардың көбі осы тақырыпта жұмыс істеп жатқандығы күтпеген жағдай болды. Жобалар өте жақсы және білікті авторлардың ұсыныстарында коронавирусты анықтауға арналған тестерден бастап вакцина, емдік тамақтану, дезинфекция, вирустың алдын алу шараларына дейін қамтылған. Ертең-ақ өндіріске енгізуге тұрарлық тартымды жобалар бар.  Біздің ғалымдар өз өнімдерімен нарыққа шыға алады және шығуы керек, - деп атап өтті Мұрат Әбенов.

Байқау қорытындысы бойынша" Ғылым қоры" АҚ мүдделі тараптармен бірлесіп, келіп түскен ұсыныстарды алға тарту және іске асыру бойынша жұмысын жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы