Коронавируспен күрес. Ғалымдар жаңа әдіс ойлап тапты

7 Шілде 2021, 22:15
4365
Бөлісу:
Коронавируспен күрес. Ғалымдар жаңа әдіс ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канзас штаты университетінің вирусологтары дейтерленген ингибиторымен жасалатын терапия вирус жүктемеcін айтарлықтай төмендетіп, инфекция кезіндегі өміршеңдікті ұлғайтатындығын анықтаған. Бұл туралы Proceedings of the National Academy of Sciences журналы жазды.

Дейтерленген дәрілер – оттегінің бір немесе бірнеше атомы ауыр изотоп – дейтериймен алмастырылған кішірігім молекула түріндегі дәрілік заттар. Зерттеу жүргізушілер бастапқыда мысықтардағы коронавирус инфекциясын емдеу үшін GC376 протеазасының ингибиторын әзірлеген, ол тиімді әрі SARS-CoV-2 қарсы екендігі анықталды. Ғалымдар кейінірек оттегін дейтерийге алмастырып, GC376 түрлендірген және оның SARS-CoV-2 қарсы ықпалын тексеретін болады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тышқандарды емдеуде оң нәтиже байқалып, вирустың өкпеге таралуы мен салмақ жоғалту азаяды. Нәтиже көрсеткендей, ғалымдар дейтерлеу әдісі COVID-19 емдеу үшін вирусқа қарсы өзге де тәсілдермен қатар қолдануға жарамды деп отыр.
Өзгелердің жаңалығы