Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумында "Халық алғысы" медалімен марапатталған Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Лесбеков пандемиямен күресте дәрігерлердің еңбегі жеткіліксіз екенін айтты.
15 жылдан бері кардиохирургия саласында жұмыс істей жүріп, мен көп жақсылық көрдім, бақытты сәттерді сезіндім. Көптеген қайғылы сәттер де аз болмады. Өкінішке қарай, коронавирустың ерекшелігі - ол біздің балаларымыз бен ата-аналарымызға қауіп төндіруде. Бұл қорқыныш адамдардың бір-біріне беріледі. Оның қорқынышты болуы, үздіксіз жұмыс істеуге тура келуіне немесе отбасымызды көрмейтінімізге байланысты емес. Бұл вирус шекараны білмейді. Сол үрей тудырады, - деді дәрігер.Тимур Лесбековтың айтуынша, коронавируспен күрес барысында біз қандай да бір білім, түрлі жабдықтарға қол жеткіздік және ең бастысы, вирусты жеңуге қатысты мүмкіндік алдық.
Бұл майданда дәрігерлердің еңбегі жеткіліксіз. Халық бірігуі тиіс. Коронавируспен күресу - әрбір адамның борышына айналуы керек. Тек осылай ғана бұл қиындықты еңсере аламыз. Осы марапатты қабылдай отырып, мен өз азаматтарымды қорғай алатыным үшін шын жүректен ризамын. Бірақ мен бұл марапаттың медицина қызметкерлері үшін ерекше белгі екеніне сенімдімін, - деді ол.