Коронавируспен күреске 60 млрд теңге бөлінді

23 Шілде 2020, 12:44
1385
Бөлісу:
Коронавируспен күреске 60 млрд теңге бөлінді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасының тікелей эфиріндегі сұрақтарға жауап беру кезінде айтты. 

Қала әкімі бірінші кезекте коронавирусқа қарсы күрес екенін атап өтті. Осыған байланысты бюджеттің барлық басым емес шығындары қысқарып, қаражат ковидке қарсы шараларға бағытталады. Оның айтуынша, бұрын жоспарланған құрылыс жобаларын келесі жылға қалдыруға болады. 
Пандемия басталғаннан кейін біз бірден барлығын (пандемиямен күреске қатысы жоқ жобаларды) тоқтаттық. Келесі жылға дейін пандемия созылмайды деп үміттенеміз. Келесі жылы жеңіл болады және біз жоспарланған құрылыс жобаларын қайта жандандырамыз, - деді әкім.

Сондай-ақ ол спорттық-мәдени іс-шаралар тоқтатылғанын атап өтті.
Әкім пандемия басталғалы коронавируспен күреске шамамен 60 млрд теңге бөлінгенін, оның ішінде Үкімет тарапынан 11,5 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. 
Бұл қаражат мынадай шараларды іске асыруға бағытталды: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру, жеке қорғаныс құралдарын сатып алу, кіреберістерді, аула аумақтарын және көшелерді дезинфекциялау және тағы басқа,-деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол биыл 16 шілдеде мәслихат осы жылдың қалалық бюджетін нақтылау туралы қаулы қабылдап, оның аясында КВИ-мен күресуге 30 миллиардтан астам теңге бөлінгенін жеткізді. 
Оның ішінде ковидті госпитальдарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру және резервтік қорлар құруға және фармацевтикалық компанияларға пайызсыз кредит беруге бағытталған. Сондай-ақ «Халық Арена» базасында жұмыс істеп тұрған және құрылып жатқан ковидты стационарлар, ОҚКА реанимациясы, клиникалық-диагностикалық зертхана және жұқпалы аурулар ауруханасы үшін медициналық жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы