Шымкентте коронавируспен ауыратын науқас анықталды деген жігіт ұсталды

4 Наурыз 2020, 16:01
6292
Бөлісу:
Шымкентте коронавируспен ауыратын науқас анықталды деген жігіт ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жігіт, оның қателігін қайталамауын сұрап бейне жолдама жасады, деп хабарлады Polisia.kz. 

Айта кетейік, 3 наурызда Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен өткізілген Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы кезінде "Шымкент Плаза" СОО-да коронавируспен ауыратын науқас анықталды деген жалған ақпаратпен бейнежазба түсіріп, "Ватсап" мессенджері арқылы таратқан қала тұрғынын анықтап, ұстады.

Ол "Шымкент Плаза" СОО-дағы дүкендердің бірінің 24 жастағы жұмысшысы болып шықты.


Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. 

Бұл бап 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. 

Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы