Коронавируске шалдыққан 13 адамның жағдайы ауыр

15 Желтоқсан 2022, 09:05
1045
Бөлісу:
Коронавируске шалдыққан 13 адамның жағдайы ауыр

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 15 желтоқсандағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 13 адамның жағдайы ауыр,
• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

2022 жылғы 15.12 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 852 922 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 616 838 адам. Ревакцинацияланды – 5 678 851

Өзгелердің жаңалығы