Коронавирусқа қарсы вакцинациядан соң антидене қанша уақыт сақталады?

12 Қараша 2021, 18:24
1050
Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы вакцинациядан соң антидене қанша уақыт сақталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында мегаполистің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Оның айтуынша, індетке қарсы екпе салдырған және инфекциямен ауырған адамдарда 6-9 айдан соң антидененің төмендеуі байқалады.

Алматыда вакцинаның екі компонентін алғандардың арасында вакцинациядан соң 21 күн өткенде КВИ жұқтырған 2680 жағдай тіркелді. Сондай-ақ індетті 360 адам қайта жұқтырған. Вакцинацияның ақырын қарқында жүргізілуі вирустың «дельта» штамының мутацияға ұшырауына және эпидемияның жаңа толқынының пайда болуына әкеледі. Вирустың кезекті мутацияға ұшырауын болдырмас үшін биыл 22 қарашадан бастап бұрын екпе алған халыққа қайтадан вакцинация жүргізуді шұғыл қолға алу қажет, - деді мегаполистің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада жарты жылдан кейін эпиджағдай қандай болатынына болжам жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы