Коронавирус жұқтырған 4 адамның жағдайы ауыр

7 Сәуір 2023, 08:25
614
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған 4 адамның жағдайы ауыр
Фото: probalakovo.ru

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1801 адам коронавирус инфекциясынан (–1 627+ және 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 174 пациент стационарда, 1 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

2023 жылғы 7 cәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 865 354 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 638 775 адам. Ревакцинацияланды – 5 778 858.

Өзгелердің жаңалығы