Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 вирусын жұқтырған алматылықтар 50 мың теңге көлемінде жәрдемақы алуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.
Мұндай ұсынысты Алматы қаласы әл-ауқат басқармасы қалалық мәслихат депутаттарына жолдаған.Аталған мәселе нақты шешілмегендіктен, жауапты басқарма әзірге ешқандай мәлімет бермеген. Дегенмен құжат қазір қоғамның талқылауына түсіп үлгерді.
Айта кетейік, 50 мың теңге тек бір реттік көмек ретінде коронавируспен ауырғандарға, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға ғана берілуі мүмкін. Қазір Алматы бойынша мұндай азаматтардың саны 815-тен 5000 адамға дейін жетеді.
Сонымен қатар, пандемия кезінде 10 мың теңгелік азық-түлік себеттері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілетін болады.