Коронавирус жұқтырған 13 105 адам ем қабылдауда

22 Тамыз 2020, 10:22
1074
Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған 13 105 адам ем қабылдауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 105 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 55 өскіншек бала бар. Стационарларда  5 789 науқас жатыр. 7 316 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Жалпы науқастардың арасында 336 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 73 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 53 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 
  
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы