Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың жаңа типін жұқтырғандар саны 11 мыңға жетті.
Бұл туралы РИА Новости ҚХР денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты мемлекеттік комитетке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бұған дейін, ауыр дерт салдарынан 213 адамның көз жұмып, 9692 адамның вирус жұқтырғаны хабарланған.
31 қаңтардағы жағдай бойынша денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты мемлекеттік орган 31 провинция билігінен коронавирустың жаңа типінен туындаған пневмонияға 11791 тұрғынның шалдыққаны, оның ішінде 1795 адамның ауыр жағдайда жатқаны, сонымен қатар 259 науқастың көз жұмып, 243 адамның жазылып, ауруханадан шығарылғаны туралы хабарлама келді, - делінген хабарламада.
Соңғы тәулікте ауру жұқтырудың жаңа 2102 оқиғасы анықталды. Бұдан бөлек, Гонконгте ауруға шалдыққан - 13 адам, Макаода – 7, Тайваньда – 10 адам анықталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус осы ауру бойынша Қытай Халық Республикасындағы жағдайды қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы "халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай" деп жариялады.
Қазақстанда 31 қаңтардағы соңғы ахуалға сай, Қытайдан келген 66 тұрғын дене қызуымен және ЖРВИ шағымымен оқшауланып, ауруханаларға жатқызылды. Әзірге 25 адам стационардан шығарылды, 41 адам ауруханада қалды. Барлық бақылаудағы ауруханалардан алынған сынамаларды қосымша зерттеу үшін Алматыдағы Әйтімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілген.
Қазақстанның бас инфекционист-дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева халықтың аса қауіпті коронавирустан қалай қорғана алатынын айтып берді.