Коронавирус әлемнің 101 еліне тарады

9 Наурыз 2020, 12:13
2662
Бөлісу:
Коронавирус әлемнің 101 еліне тарады

Алматы, BAQ.KZ. Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 105 586 адамға жетіп, вирус әлемнің 101 еліне таралып кетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті. 

Соңғы тәулікте коронавирус Болгария, Коста-Рика, Молдавия, Француздық Гвианда, Мальдива, Мальта, Фарер аралдары мен Мартиника аралдарында анықталды.

Бір күн ішінде Қытайдан тысқары жерде 3 610 жағдай тіркеліп, 71 адам осы коронавирустан көз жұмған. 

Ресейде барлығы 17 адам коронавирус жұқтырған, оның екеуі Қытай азаматы, біреуі Италия азаматы. Қытайлық екі азамат пен бір Ресей азаматы емханадан жазылып шыққан.

Қазақстанда коронавирус жұқтыру фактілері анықталмады.

Өзгелердің жаңалығы