Коронавирус тағы көбейіп келе жатқан сыңайлы. Министрлік не дейді?

22 Маусым 2022, 18:12
1172
Бөлісу:
Коронавирус тағы көбейіп келе жатқан сыңайлы. Министрлік не дейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы күндері елімізде коронавирус инфекциясы тағы да көбейіп келе жатқан сыңайлы. 

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, соңғы тәулікте 32 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш 20 маусым күні - 20, 19 маусым күні - 12 жағдай тіркелді.  

Эпидемиологиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтан сұраған болатынбыз. 

Денсаулық сақтау министрлігі КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайға күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Республикада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, науқастардың 98%-дан астамы сауықты. 3 наурыздан бастап республика және барлық өңірлер «жасыл» аймақта. Елде Омикрон нұсқасынан туындаған сырқаттанушылықтың өшуі қаңтар айында өтті. Ел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Оған қоса, коронавирустық инфекцияға қарсы бустерлік дозасы КВИ штамдарының жаңа нұсқаларына қарсы вакцинацияның тиімділігін арттыруға көмектеседі, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Сонымен қатар ол «Індет өршісе, қандай жоспармен жұмыс істейсіздер?» деген сауалымызға былай жауап берді.

Коронавирустық инфекция - бұл жаңа ауру, алғашқыда ауру пайда болғанда оның пайда болу себебін, таралуын, жұқтыру мерзімін, емдеу шараларын, профилактикалық шараларын нақты білген жоқпыз. Сондықтан әр ауру аса қауіпті ауруы сияқты қаралды және тиісті профилактикалық шаралар қабылданды. Қазіргі жағдайда коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында біз қабылданатын шаралар туралы білеміз және оларды қатаң сақтасақ, ауруды жеңе аламыз.  Пандемияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлайды, сондықтан тек қана ДДСҰ оны жоққа шығара алады. Бірде-бір сарапшы алдағы уақытта жағдай қалай өзгеретіні айта алмайды. Сондықтан коронавирус одан әрі қалай өзгеретіні белгісіз, - деді Ержан Байтанаев. 

Өзгелердің жаңалығы