Коронавирус тағы 8 адамның өмірін жалмады

13 Қаңтар 2021, 09:00
1238
Бөлісу:
Коронавирус тағы 8 адамның өмірін жалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ 13 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты таратты.

11 қаңтарда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 124 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 173 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.
Жалпы 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46499, 530 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34118 жетті.

Коронавирус тағы 8 адамның өмірін жалмады

Сонымен қатар 2021 жылдың 13 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат та жарияланды.

ДСМ деректеріне сүйенсек, 13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 524 адам короновирус инфекциясынан (11 673 КВИ+ және 11 851 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 732 пациент стационарда, 17 792 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 8 науқас қайтыс болды.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 267 адамның жағдайы ауыр;
• 58 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы