Коронавирус: «Спутник V» вакцинасы халал ма?

4 Ақпан 2021, 17:50
1834
Бөлісу:
Коронавирус: «Спутник V» вакцинасы халал ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Спутник V» әзірлеушілері вакцинаның халал екенін айтты.

Ресей мұсылмандарының діни басқармасы «Спутник V» вакцинасын жасаушылардан оның құрамы туралы ақпарат сұраған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оларда мұсылмандар үшін тыйым салынған ештеңе жоқ, деп хабарлады РИА Новости. 

Бұған дейін мұсылмандар жаңа вакциналар компоненттерінің ислам дінінің талаптарына - халалға сәйкестігіне алаңдаушылық білдіретін. Әсіресе өндіріс процесінде шошқа желатинін қолдану алаңдатқан. 

Әзірлеушілерден жауап келді. Шошқа желатині жоқ, адамның құрамдас бөліктері (жасуша сызықтары) да жоқ. Бір қарағанда біз ислам тұрғысынан тыйым салынған нәрсе жоқ деп айта аламыз, - деді Ресей думасы төрағасының орынбасары мүфти Ильдар Аляутдинов.

Оның айтуынша, әзірлеушілерге вакцинаның құрамы туралы нақты сұрақтар қойылды және келесі аптада вакциналарды әзірлеумен айналысатын ғылыми институттардың өкілдерімен теологтардың бірлескен отырысы өтеді.

Сонымен қатар біз теологиялық-құқықтық қорытынды ретінде пәтуа дайындаймыз, - деп түсіндірді мүфти.
Өзгелердің жаңалығы