Коронавирус: сот қызметкерлерінің вирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

18 Наурыз 2020, 12:30
1174
Бөлісу:
Коронавирус: сот қызметкерлерінің вирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінде судьялардың коронавирус індетін жұқтырғандығы жөнінде ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласы сотының қызметкерлері коронавирус жұқтырғандығы туралы ақпарат тараған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтындығын хабарлаймыз, - деді ведомствода.

Сот отырыстары тек қашықтықтан жүргізіледі (бейнеконференцбайланыс, мобильді бейнеконференцбайланыс). Елордалық барлық соттарда азаматтарды жеке қабылдау төтенше жағдай аяқталғанға дейін тоқтатылады. 



Өзгелердің жаңалығы