Коронавирус. Соңғы тәулікте індет жұқтырғандар саны азайды

Коронавирус. Соңғы тәулікте індет жұқтырғандар саны азайды
581

Елімізде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте індет жұқтырудың 27 жағдайы тіркелген. Бұл алдыңғы күнгі тәуліктік көрсеткіштен 3 есеге төмен. 

5 ақпанда 1 571 адам (–1 418+ және 153 КВИ-) СOVID-19-дан емделіп жатыр. Оның ішінде, 121 пациент – стационарда, 1450 адам – амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда. 

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• ӨЖЖ аппаратымен тыныстап жатқан науқас жоқ.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы