Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адамның жағдайы (02.05.2020 жылғы сағат 14:00- дегі мәлімет бойынша) қандай екені белгілі болды.
Вирус жұқтырған 1989 және 1971 жылы туған азаматшалар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген таратылған ақпаратта.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазір қалада коронавирустық инфекция жұқтырған жалпы 206 жағдай тіркелген.