Коронавирус: ШҚО-ның кіреберістеріне бекеттер қойылады

1 Сәуір 2021, 15:11
1659
Бөлісу:
Коронавирус: ШҚО-ның кіреберістеріне бекеттер қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 2 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылды. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін, - делінген құжатта.

Сонымен қатар Семей, Курчатов қалаларының, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары:

1) Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапынан 3 санитариялық бекеттің; 

- Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Қарағанды және Павлодар облыстары тарапынан 3 санитариялық бекеттің;
- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін  қамтамасыз етсін; 

2) растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын. Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін; 

3)  жоғары қауіпті аймақтан («қызыл» аймақтан), оның ішінде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген адамдарға санитариялық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 коронавирустық инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы нәтиже берілген күннен бастап кіру сәтінде үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті. Еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалар үшін анықтама қажет емес; 

4) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып және кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар етсін; 

5) барлық жұмылдырылған қызметтерді биологиялық қауіпсіздік режимімен және оларды жеке қорғаныш құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз етсін; 

6) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған жағдайда (респираторлық белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі (сұралушының айтуы бойынша), тынысының тарылуы) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін; 

7) коронавирустық инфекцияға күдікті адамға жедел медициналық жәрдем көлігі келгенге дейін медициналық маска немесе матадан тігілген масканы беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін.

Қаулы 2021 жылғы 2 сәуірден бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы