Коронавирус: Қытайда тағы 22 адам көз жұмды

9 Наурыз 2020, 10:06
1437
Бөлісу:
Коронавирус: Қытайда тағы 22 адам көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Қытайда соңғы тәулікте 40 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, 22 адам көз жұмды. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 80 735, оның 1535-і ауруханадан жазылып шықты. 

Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, қазіргі уақытта 19 016 адам ем қабылдауда, дәрігерлер 5 111 адамның халі ауыр екенін айтады. Барлығы 3119 адам коронавирустан көз жұмған, ал 58 600-і емделіп шыққан.

Оның ішінде 40 жағдай соңғы тәулікте тіркелген, олардың төртеуі сырт мемлекеттен келгендер. Гонконгта 115 адам жұқтырғаны анықталды, олардың үшеуі мерт болған. Макаода 10 жағдай тіркелген, алайда олардың барлығы жазылып шыққан. Тайванда 45 адам қауіпті індетті жұқтырғаны белігілі болды, олардың біреуі көз жұмып, 15-і жазылып шыққан.

Өзгелердің жаңалығы