Коронавирус: Қытайда қайтыс болғандар саны 3 мыңнан асты

6 Наурыз 2020, 10:05
1164
Бөлісу:
Коронавирус: Қытайда қайтыс болғандар саны 3 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте 30 адам қайтыс болды. 

Қытайда 80,5 мыңнан астам адамнан COVID-19 расталды. Олардың ішінде 3042 науқас қайтыс болды және 53,7 мың адам сауығып кетті. Бұл туралы 5 наурызда ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Ведомствоның деректеріне сүйенсек, 31 провинция тұрғындарының ішінде 23 784 адам (5737 адам ауыр халде) қазір коронавируспен ауырып жатыр. 53 726 адам емделіп шыққан.

Соңғы тәулікте ел бойынша 143 адам жұқтырып, 30 адам қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы