Коронавирус: Қытайда 21 адам жаңадан жұқтырды

17 Наурыз 2020, 16:12
1119
Бөлісу:
Коронавирус: Қытайда 21 адам жаңадан жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 80 881 адамға жетті, олардың ішінде 3 226 адам қайтыс болды. 68,8 адам сауығып, ауруханадан шықты. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет хабарлады.

Қытайда соңғы тәулікте 21 адам жаңадан жұқтырды. 13 адам қайтыс болды және 930 адам сауығып кетті. 

Бүгінде Қытайға шет елден келген 143 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 9-ы Бейжіңде, үшеуі Шанхайда, үшеуі Гуандунда және Чжэцзян, Шаньдун, Гуанси, Юньнань және Шэньси провинцияларында бір адамнан жаңадан жұқтырған. 

Қазақстанда 2020 жылдың 17 наурызы сағат 9.00-дегі жағдай бойынша коронавирус жұқтырған 13 факті тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы