Коронавирус: пойыз бен автобусқа билет алғандардың ақшасы қайтарылады

29 Қаңтар 2020, 18:18
2265
Бөлісу:
Коронавирус: пойыз бен автобусқа билет алғандардың ақшасы қайтарылады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирустың ел аумағына әрі қарай таралуын болдырмау бағытында іс-шаралар қабылдап жатыр.

Осыған байланысты 2020 жылғы 27 қаңтардан бастап Алматы – Нұр-Жолы - Үрімші, Өскемен – Майқапшағай - Үрімші, Жаркент – Қорғас - Құлжа, Аягөз – Бақты - Зимұнай бағыттарында автобус қатынасы уақытша тоқтатылды (екі бағытта барлығы күніне 14 рейс).

Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 ақпаннан бастап №13/14 Алматы-Үрімші, №53/54 Нұрсұлтан - Үрімші бағыттарында қатынайтын жолаушылар пойыздарының бағдары Достық стансасына дейін қысқартылады (ҚР шекарасы аясында). №103/104 Үрімші - Алматы жолаушылар пойызы қозғалысын Қытай теміржолмен қалыптастыру тоқтатылады. 1 ақпаннан Достық - Алашанькоу, Алтынкөл - Қорғас бағыттары бойынша да темір жол қатынасы уақытша тоқтатылады, - деді ҚР ИИДМ көлік комитетінің басшысы Самат Гелимов. 

Оның сөзінше, билет сатып алған адамдардың ақшасы кері қайтарылады.

Алайда тауарлық поездар әдеттегі қалып бойынша жүк тасымалдауды жалғастыра береді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты Қытай аумағына туристік сапарларға шектеу қойды.

Үкімет Қытай Халық Республикасының аумағына туристік сапарларға шектеу қойды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің іссапарларын шектеу туралы қаулы шығарылды. Барлық халықаралық спорттық шаралар, соның ішінде халықаралық теннис турнирі өтпейтін болды. ҚХР аумағына теміржол жолаушылар тасымалы тоқтатылды, - деген еді бас санитар. 

Өзгелердің жаңалығы