Коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

9 Қыркүйек 2020, 09:48
859
Бөлісу:
Коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 және 1 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 372 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 28 228, 316 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 546-ға жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 810 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатыр. 2 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 136 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.​

267b3a64-a24f-4903-864f-bac432f048ce.jpg


Өзгелердің жаңалығы