Коронавирус. Қарағанды облысында 80 науқас тіркелген

15 Сәуір 2020, 10:53
921
Бөлісу:
Коронавирус. Қарағанды облысында 80 науқас тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің кейбір өңірлерінде коронавирус індетін жұқтырған соңғы жағдайларға қатысты мәліметтер. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі мәлімдеді.

Қызылорда облысы - 3 жағдай бойынша:

Екі науқас Сырдария ауданының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Екінші мәрте алынған сынама КВИ оң нәтиже көрсетті. Үшінші науқас Жаңақорған ауданының тұрғыны. Қазіргі таңда эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды - делінген хабарламада.

Қарағанды облысы - 2 жағдай бойынша:

Бірінші науқас - 44 жастағы ер адам. Бұрын жұқтырғандармен жақын байланыста болғаны анықталды, стационарда болды. Екіншісі - 46 жастағы әйел. Үй карантинінде болды, өйткені жұқтырғандармен байланыста болғандардың қатарында болды - деп хабарлады ресми сайт.

Маңғыстау облысы - 1 жағдай бойынша:

1962 жылғы зейнеткер Жаңаөзен тұрғыны.  ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша КВИ нақтыланды. Қазіргі уақытта науқас қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқаспен жақын байланыста 12 адам болған. Оның екеуі - үй ошағынан және 10-ы туысы болып шықты - делінген ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы