Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 4, Алматыда 11 стационар жабылды

10 Маусым 2021, 09:37
2402
Бөлісу:
Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 4, Алматыда 11 стационар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Инфекциялық және реанимациялық төсек-орындар саны соңғы айда 1,9 және 1,5 есеге төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Оның айтуынша, 10 маусымдағы жағдай бойынша республикада инфекциялық орындар жүктемесі 24%-ды, реанимациялық орындар 21%-ды құрап отыр.

Инфекциялық және реанимациялық төсек-орындар саны соңғы айда 1,9 және 1,5 есеге төмендеді. Жалпы барлық өңірде инфекциялық төсек-орындар жүктемесі төмендегені байқалады. Соның ішінде Алматы қаласында 4 есе, Ақтөбе облысында 3 есе, Алматы облысында 2,5 есе, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 есе төмендеді, - деп айтты Денсаулық сақтау министрі.

Соңғы айда емдеуде болған науқастар саны 20 мыңға немесе екі есеге азайды. Аймақтарда КВИ үшін қосымша құрылған ауруханалар саны азайтыла бастады.

Мысалы, Нұр-Сұлтанда 330 орынға арналған 4 стационар, Алматыда 2 мың орынға арналған 11 стационар жабылды, - деп түсіндірді Цой.

Еске сала кетейік, Қазақстан 6 маусымнан бастап «жасыл» аймаққа ауысты. Бүгінгі күні елде тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана «қызыл» аймақта қалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы