Коронавирус: Науқастардың қосарласқан ауруы болса, емдеу барысы қиындайды

5 Мамыр 2020, 17:57
1192
Бөлісу:
Коронавирус: Науқастардың қосарласқан ауруы болса, емдеу барысы қиындайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Алматыда қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1353 жағдайы тіркелген.

Осы уақытта COVID-19-дан инфекциялық стационарларда 1135 науқас емдеуде жатыр. Бір пациенттің жай-күйі өте ауыр, 34-інде жағдайы ауыр, 289-ында ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында қанағаттанарлық. Медициналық бақылауға 12 665 алматылық алынды. Оның ішінде 312-і провизорлық стационарда, 345-і карантиндік госпитальдарда,12 008-і үй карантинінде, - дейді ол.

Оның айтуынша, ауруханаға жатқызылғандар ішінде ауыр халдегі науқастар саны соңғы уақытта көбейген жоқ.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, коронавирус жұқтырғандардың қосымша ауруы бар болса, емдеу үдерісі қиындайды. Сондықтан созылмалы ауруы бар, әсіресе тыныс алу жүйесі, жүрек-қантамырлары бұзылыстары бар барлық адам тестілеуден өтуде. Сондай-ақ, COVID-19 қауіптілігі жоғары тәуекел тобына ЖРВИ, пневмония белгілері бар адамдар, медицина қызметкерлері, қала аумағындағы әртүрлі әскери бөлімдерден әскери қызметшілер, карантинге қойылатын талаптардың сақталуын бақылау мақсатында патрульдеуші құрам, ІІМ жүйесінің қызметкерлері, бұғаттау бекеттеріне жұмысқа тартылған адамдар енгізілген. Қала бойынша аталған контингент Алматы қаласы Бас санитариялық дәрігерінің кестесіне сәйкес коронавирустық инфекцияға міндетті түрде тексерілуде, - дейді Әбілдаев.

Тестілеу жұмыстары жасырын ошақтарды белсенді анықтауға және аурудың ерте сатысында жұқтырғандардың едәуір санын анықтауға мүмкіндік берді екен.

Мегаполисте COVID-19 инфекциясын дер кезінде анықталудың тиімділігі науқастардың 77%-ы қанағаттанарлық жай-күйде және олардың ауруы жеңіл түрде симптомсыз өтуде. Бұл емдеуді жеңілдетеді. Өйткені біз күрделі жағдайға дейін жеткізбейміз, қала бойынша бұл инфекциядан өлім-жітім төмен деңгейде – 0,6% қалып отыр, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы