Коронавирус: Маңғыстау «сары» аймақтан шықты

5 Мамыр 2021, 09:14
1381
Бөлісу:
Коронавирус: Маңғыстау «сары» аймақтан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 мамырда Қазақстандағы эпидахуалды бағалау матрицасы жария етілді, деп хабарлады COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Матрицадағы ақпаратқа сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр.

Сондай-ақ «сары» аймаққа: Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары кірді. 

Ал «жасыл» аймақта: Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. 

Коронавирус: Маңғыстау «сары» аймақтан шықты


 


 

Өзгелердің жаңалығы