Коронавирус. Әлемде вирус жұқтырғандар саны 29 млн-ға жақындады

13 Қыркүйек 2020, 11:53
1431
Бөлісу:
Коронавирус. Әлемде вирус жұқтырғандар саны 29 млн-ға жақындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирус жұқтырған жағдай саны 28 943 657-ге жетті. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 925 мыңға жетті. Сонымен қатар, 20,8 миллионнан астам адам ауруды жеңді.

Әлемде коронавирус жағдайларының саны 28 943 657-ге жетті, ал 20 811 464 адам айығып шықса, 924 577 адам қайтыс болды. Бұл worldometers порталының 13 қыркүйектегі мәліметтері.

Бір күн бұрын 282 391 жаңа жағдай анықталса, 4 983 өлім тіркелді.

АҚШ-та коронавирустың 6 676 601 жағдайы анықталды, олардың 198 128-і қайтыс болды, 3 950 354-і жазылды, ал 2 528 119-ы емделуді жалғастыруда.

Үндістанда 4 754 356 жағдай тіркелді (бір күн бұрын - 2 568), оның 78 614-і қайтыс болды. 3 702 595 адам ауруынан айықты, 973 147 науқас ем қабылдауда.

Бразилияда 4 315 858 жағдай расталды. Олардың 131 274-і өліммен аяқталды, ал 3 553 421 - і сауығып кетті. 631 163 адам әлі де аурумен күресуде.

Еліміз бойынша ауырғандар саны – 106 803-ке жетті. Өткен тәулікте 74 адамда коронавирус індетін жұқтырғаны расталды. Сонымен қатар, бүгін коронавирус инфекция белгілері бар пневмонияның 346 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 36 адам емделіп шықты.

Өзгелердің жаңалығы