Коронавирус. Қайтыс болғандардың ең көбі Молдова мен Мажарстанда анықталды

27 Наурыз 2021, 18:53
1419
Бөлісу:
Коронавирус. Қайтыс болғандардың ең көбі Молдова мен Мажарстанда анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Мажарстанда 11 265 адам коронавирус жұқтырып, 275 науқас қайтыс болды, деп хабарлады korrespondent.net.

Мажарстан  мен Молдовада азаматтардың коронавирустан қайтыс болуға рекордтық көрсеткіштер тіркеді. Мажарстанда  275 тұрғын қайтыс болса, Молдовада COVID-19 диагнозы қойылған 43 адам қайтыс болды.

Hungary Today мәліметінше, Мажар елінде  жоғары тәуліктік өлім-жітімнің алдыңғы көрсеткіштері 23 және 25 наурызда тіркелген.

Өткен тәулікте Мажарстанда 11 265 адам коронавирус жұқтырған. Эпидемия басталғаннан бері барлығы 614 612 азамат жұқтырып, 19 499 адам қайтыс болды.

Молдова Республикасында COVID-19-дың  жаңа жағдайлары мен өлім-жітімнің абсолютті рекорды 24 наурызда тіркелді. Ол 39 науқасты құрады. Жалпы елде инфекцияның 219 988 жағдайы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы