Коронавирус. Карантин қайта енгізіле ме?

18 Маусым 2020, 20:38
1289
Бөлісу:
Коронавирус. Карантин қайта енгізіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде елдегі эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағанына қарамастан, неліктен карантин шаралары енгізілмей отырғанына қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін вирус жұқтыру деңгейі 7%-дан асқан жағдайда шектеу шаралары енгізілуі мүмкін деген түсінік болды. Қазір бұл критерий ауыру динамикасын нақты ашып бере алмайтынын және шектеу шараларын белгілеуге жеткіліксіз екенін байқап отырмыз. Сондықтан репродуктивті әлеует, бір коронавирус инфекциясын жұқтырған адамнан вирус жұқтыруы мүмкін адамдар саны, стационарлардағы төсек-орын санының қамтылуы сияқты өзге де критерийлер ұсынылды. Егер төсек-орынның қамтылуы 90%-дан асса, онда карантин шараларын күшейтуге негіз бар деген сөз. Сондай-ақ, жиынтық индикаторына қатысты егер репродуктивті әлеует 1,15%, төсек-орынның қамтылуы 70%-дан жоғары болса, шектеу шараларын күшейту жайында айтуға болады.

Ләззат Ақтаева карантин шараларына қатысты әр өңір аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім шығаратынын айтты.

Бүгінде 13 өңір тиісті шектеу шараларын қолға алды. Бұған қоса Үкімет басшысының төрағалығымен өткен мекемеаралық комиссия отырысы барысында алдағы демалыс күндерінде еліміздің бірқатар өңірінде шектеу шараларын күшейтуге қатысты шешім шығарды. Аталмыш шара коронавирус инфекциясының таралуына шектеу қоюға септігін тигізеді деген сенімдеміз, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы