Коронавирус: Францияда 150-ге жуық мектеп жабық тұр

5 Наурыз 2020, 17:49
1200
Бөлісу:
Коронавирус: Францияда 150-ге жуық мектеп жабық тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда коронавирустың жаппай таралуы салдарынан 150-ге жуық мектеп жабық қалды. Бірақ ел билігі барлық білім мекемесін жабуды жоспарламайды. 

Бұл туралы білім министрі Жан-Мишель Бланкер хабарлады.

Бүгін 150-ге жуық мектеп жабық тұр... 35-40 мың оқушы сабаққа бармай отыр,  - деді Бланкер BFMTV телеарнасының эфирінде. 

Оның айтуынша, Уаза департаментінде 25 мыңға жуық оқушы, Жоғарғы Савойеде 10 мыңға жуық оқушы үйде отыр. 

Егер Франция коронавирус таралуының – эпидемиясының үшінші сатысына көшсе, мектептер, университеттер жабылмайды, - деді Бланкер. 

Соңғы деректерге қарағанда Францияда коронавируспен ауырғандар саны 285 адамға жетті.

Өзгелердің жаңалығы