Коронавирус: Емделіп жатқан 1652 адамның жағдайы ауыр

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 1 тамыздағы мәлімет бойынша 98 931 адам коронавирус инфекциясынан (96 145 КВИ+ және 2 786 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жазылды.</h4>

 1 Тамыз 2021 2021, 08:50
1 Тамыз 2021 2021, 08:50
1238

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 1 тамыздағы мәлімет бойынша 98 931 адам коронавирус инфекциясынан (96 145 КВИ+ және 2 786 КВИ-) емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жазылды.

Олардың арасында 28 162 пациент стационарда, 70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 652 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр, 187 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Наверх