Коронавирус. Елорда әлі «қызыл» аймақтан шыға алмай тұр

10 Ақпан 2022, 15:23
1366
Бөлісу:
Коронавирус. Елорда әлі «қызыл» аймақтан шыға алмай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, бас қалада соңғы аптада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы байқалған. 

Сонымен қатар індет оң қарқынмен төмендеген.

Мәселен, өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 2,8 есеге, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 749,0-ден 260,6-ға дейін төмендеді. Бірақ тұрақтану үрдісіне қарамастан, КВИ-мен сырқаттанушылықты тіркеу жоғары деңгейде және қала «қызыл» аймақта қалып отыр. Өткен тәулікте 305 расталған жағдай тіркеліп, өсім 0,15%-ды құрады. Репродуктивті саны 0,505-ке тең, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Ал жыл басталғалы елордада барлығы 83 917 жағдай тіркелген. Оның ішінде 79 127 жағдай қаңтар айына тиесілі.

Бұл пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш болып табылады. Тиісінше, қаңтар айында, нақтылап айтсақ, 17 қаңтарда оң нәтижелердің үлес салмағының көрсеткіші 53%-ға дейін жетті, - деді Сархат Бейсенова. 

Өзгелердің жаңалығы