Коронавирус. АҚШ Әзербайжан мен Түркіменстанды қауіпті елдер қатарына қосты

7 Наурыз 2020, 16:48
1906
Бөлісу:
Коронавирус. АҚШ Әзербайжан мен Түркіменстанды қауіпті елдер қатарына қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ мемлекеттік департаменті Әзербайжан мен Түркіменстанға жол жүрудің қауіпті бола бастағанын хабарлап, бұл мемлекеттерге жолға шығуды жоспарлап отырған азаматтарға сапарды кейінге шегеруге кеңес берді. 

Коронавирус жылдам тарап жатқан Иранмен шекараласатын екі мемлекетке жолға шығудың қаупі үшінші деңгейге ауыстырылды.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде Әзербайжанға көрші Иранда вирусты жұқтырғандар санының едәуір артқаны және Әзербайжан үкіметінің сақтық шараларын енгізгенін ескеру қажеттігі айтылған. Мәлімдеме авторлары Әзербайжан билігінің халықаралық рейспен келгендерді карантиннен өтуге міндеттегенін де жазады.

Мемлекеттік департамент азаматтарын сонымен бірге саяхаттауға шектеудің қойылғаны және коммерциялық рейстер санының қысқарғаны қажет жағдайда оларды эвакуациялауға кедергі келтіруі мүмкін деп ескертеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан тағы бір қысқа мәлімдемеде Түркіменстанға жол жүргелі отырған америкалықтарға да осыған ұқсас ескерту айтылған.

Өзгелердің жаңалығы