Коронавирус: Дүниежүзілік банк 12 млрд доллар бөлді

4 Наурыз 2020, 17:01
1618
Бөлісу:
Коронавирус: Дүниежүзілік банк 12 млрд доллар бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік банк сейсенбі күні коронавирус эпидемиясымен күрес үшін алғашқы жарна ретінде 12 миллиард доллар бөлді.

COVID-19 вирусымен күреске 12 миллиард доллар бөлінді, оның ішінде 8 миллиард доллар шұғыл түрде аударылады, - деп жазылған банктің хабарламасында.

Айта кетсек, қазір АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 9 адамға жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлем бойынша 90 870 адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 80 304 адам Қытайда, қалған 10 566 адам 72 елде тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы