29 қаңтар: Коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті

29 Қаңтар 2020, 10:10
1667
Бөлісу:
29 қаңтар: Коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ал Қытайда коронавирусты жұқтырған адамдардың жалпы саны 5974 құрады. Басқа мемлекеттерде ауыр дертке шалдыққандардың жалпы санын қосқанда 6052 адамға жетті.

Бұл туралы South China Morning Post.

Жергілікті билік ұсынған деректер бойынша, қайтыс болғандардың дені - 60 жастан жоғары болған және олардың қосарланған аурулары болған.

Коронавирустың жаңа типіне шалдыққандар саны жағынан 2002-2003 жылдары Қытайда жайлаған атипиялық пневмонияға шалдыққандар санынан асып кеткен. Сол кездері ДДСҰ деректеріне сәйкес, 5327 адам ауру жұқтырып, 349 адам көз жұмған. 

Қытайдан бөлек, жұқпалы ауру Австралия, Вьетнам, Германия, Канада, Италия, Камбоджа, Малайзия, Непал, Оңтүстік Корея, Сингапур, АҚШ; Таиланд, Франция, Шри-Ланка, Жапония, Украинаға да тарады.

Star ұсынған соңғы мәліметтер бойынша Малайзияда ауыр дертті жұқтырғандар саны 7 адамға жеткен. Науқастардың барлығы Малайзияға келген Қытай Халық Республикасының азаматтары.  

Korrespondent.net хабарлауынша, Канада территориясында 3 адам коронавирустың 2019-nCoV жаңа типіне шалдыққаны анықталды. Жақында Қытайдың Ухань қаласынан Ванкуверге оралған ер адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Бұл Британиялық Колумбия провинциясында ауру жұқтырған бірінші жағдай және ел бойынша үшінші жағдай екені расталды. 

Айта кетейік, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай Үкіметі Ухань қаласында пневмония ауруының тарағаны туралы хабарлаған болатын. Аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа типі 2019-nCoV екені анықталды. 

Өзгелердің жаңалығы